Білім • 29 Наурыз, 2022

Биыл бірінші сыныпқа қанша бала барады?

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші сыныпқа баратындар үшін құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталады. Бұл туралы Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл бірінші сыныпқа қанша бала барады?

Балаларды 1-сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Осы орайда мынадай құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы) және 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.

«Құжаттарды қабылдау биылғы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жалғасады. Бірнеше жыл бойы құжаттарды және балаларды мектепке қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. 1-сыныпқа қабылдау электрондық үкіметтің Еgov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады», деді Г. Кәрімова.

Өңірлердегі білім басқармалары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ата-аналар арасында балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қосымша жүргізетін болады.

Оның айтуынша, биыл бірінші сыныпқа 420 мың бүлдіршін барады деп жоспарланған. Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда жоғары.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35