Спорт • 18 Сәуір, 2022

Кәсіпқой футзал лигасы құрылды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясының қабырғасында елімізде футзалды да­мыту бойынша өткен жиында Қа­зақстанда кәсіпқой футзал лига­сын құру туралы ұсыныс бірауыз­дан қа­былданды. Шешімді футзалдан OLIMPBET-Қазақстан чемпио­наты­ның барлық клубтары қолдады.

Кәсіпқой футзал лигасы құрылды

Лига президенті лауазымына Асқар Әбілдаев сайланды. Ол бұған дейін Қазақ­стан футбол федерациясының футзал депар­таментін басқарған болатын. Ұйым­ның негізгі қызметі – футзалдан ішкі жарыстарды ұйымдастыру. Атап айт­қанда, OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты, OLIMPBET-Қазақстан кубогы, OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы және барлық жас ерекшелігі бойынша ел біріншіліктерін (U-13, U-15, U-17) өткізу.

Сондай-ақ күн тәртібіне футзалдан Қа­зақстан Бірінші лигасын құру және жаңа мау­сымнан бастап футзал командаларын сертификациядан өткізу мәселелері қаралды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30