
Университеттің таратқан ақпаратына сүйенсек, биылғы 18 наурызда Ualikhanov University вымпелін Халықаралық ғарыш стансасына «Союз МС-21» кемесі жеткізген, ал 30 наурызда «Союз МС-19» ғарыш кемесінің ресейлік-америкалық халықаралық экипажымен түсірілетін аппаратында кері жерге жеткізілді. Аталған миссия Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тауып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Аэроғарыш комитетінің көмегімен жүзеге асырылды.
Ualikhanov University өкілі Аяулым Құлжанова ғарышкерлер мен астронавтардың қолтаңбасы бар вымпелге Халықаралық ғарыш стансасының арнайы мөрі қойылғанын, бұл вымпелдің ғарышта болғанын растайтынын жеткізді. «Аталған мөр Халықаралық ғарыш стансасының бортында тұрады және ешқашан жер бетінде болмайды. Бұл жойылады, бірақ оның мөрі объектінің ғарышқа барғанына дәлел болып қалады», дейді.
Ал осы ЖОО-дағы студенттік парламенттің төрағасы Алмаз Теміровтің айтуынша, Қазақстан университеттері арасында Ualikhanov University жалауы алғаш рет ғарышта болды. Бұған дейін бірқатар шетелдік университет, соның ішінде Массачусетс технологиялық институты, Мәскеу мемлекеттік университеті өздерінің вымпелдерін ғарышқа жіберді. «Вымпел Ualikhanov University бас экспозициясының стендтерінде қойылады. Бұл университеттің жоғары беделін және оның Ақмола облысы мен жалпы Қазақстанның экономикасы, халық шаруашылығы үшін білікті кадрлар даярлаудағы маңыздылығын бейнелейді», деді ол.
Айта кетейік, Ш.Уәлиханов атындағы университет Көкшетау педагогикалық институты болып 1962 жылы құрылған. Университет жетекшісі аймақтық жоғары оқу орындарының бірі саналады. ЖОО бакалавриаттың 55 білім беру бағдарламасы, магистратураның 36 бағдарламасы, докторантураның 9 бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. 2021 жылы ЖОО-ның Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі жасаған рейтингінде Ualikhanov University Қазақстанның үздік 10 ЖОО-ның қатарына енген.