Қоғам • 06 Мамыр, 2022

Қазақстандықтар референдумға 51 елде дауыс бере алады

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 маусымда республикалық референдум шеңберінде дауыс беруге қатысатын шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде сайлау учаскелері құрылады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар референдумға 51 елде дауыс бере алады

«Қазақстанның 51 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан учаскелер құрылады. Бұл учаскелердегі тізімге сайлау құқығы бар, шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және Қазақстан азаматы екенін көрсететін төлқұжаттары бар барлық азамат енгізіледі», деді Петров Орталық референдум комиссиясының отырысында.

Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға кеткен қазақстандықтар учаскелік комиссияға жүгінсе, төлқұжаттары болса, тізімге енгізіледі.

«СІМ шетелдердегі азаматтарымыздың тізіміне енгізу үшін Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан учаскелік комиссияларға көмек көрсетеді», деп түсіндірді Петров.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35