
Білім және ғылым министрлігіне қарасты Жану проблемалары институтының зерттеушілер жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтерден үш есе арзан тұрады. Аталған институттың ғалымы Зұлқайыр Мансұров материалдың 1 грамы 10 мың теңге тұратынын айтады.
«Биологиялық шикізаттан гидроксиапатит термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар жүргізу және посттермиялық күйдіру арқылы алынады. Біздің модификация барлық әдісті алуды жақсарту арқылы уақытты ұлғайту есебінен және жоғары температура режімін таңдау және т.б. есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде, біз жақсартылған кристалдық құрылымы және өнімнің тазалығы жоғары (95%) сапалы материал алдық. Шетелдік компаниялар осындай жоғары сапалы ИАӨ-нің (икемді автоматтандырылған өндіріс) 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады. Ал біздің материалдың бағасы 1 грамы үшін 10 мың теңге», дейді химия ғылымдарының докторы, профессор З.Мансұров.
Ғалым З.Мансұров қазір медицина ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, «Алмагест» оқу-клиникалық стоматология орталығының директоры Мақсұт Темірбаевпен бірлесіп алынған минералды іс жүзінде қолдану жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық гидроксиапатит сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады.
«Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, регенерация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады», деп түсіндірді З.Мансұров.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және SCOPUS индекстелген деректер қорында ғылыми жұмыстар жарияланды. Бұл зерттеу жұмысының сенімділігі мен өзектілігін көрсетеді. Айта кетейік, ғылыми жұмыс Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.