Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Жерді заңсыз пайдаланатындар көбейген

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басталғалы бері Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты 18 заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерді заңсыз пайдаланатындар көбейген

Сондай-ақ 5 азамат тәртіптік жауапкершілікке, 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мобильдік топпен жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында 16 тасымалдаушыға 2 056 483 теңге көлемде айыппұл салынды. 

Сондай-ақ 21 су қорғау белдеуінде орналасқан табиғат пайдаланушылардың келісім-шарттары уақытша тоқтатылып, 9 келісім-шарт мүлде бұзылған. 12 табиғат пайдаланушының тау-кен нүктелері өзгертіліп, су қорғау белдеуі аумағынан шығарылған.

«Биыл 12 іс құжаттар процесстік шешім қабылдау үшін полицияға жолданып, Қылмыстық Кодекстің 334-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы іс әрекеттерден қоршаған ортаға 3,7 млрд теңге залал келген», деді Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Серік Әбдиев.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35