Әлем • 23 Мамыр, 2022

Бельгияда маймылшешек ауруына байланысты карантин енгізілді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДДҰ мәліметі бойынша, қазір маймылшешек ауруының 92 жағдайы расталды. Тағы 28 адам карантин аймағында, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бельгияда маймылшешек ауруына байланысты карантин енгізілді

Бельгия әлемде тарап жатқан жаңа індет - маймылшешек ауруына шалдыққан науқастарға арналған міндетті карантин енгізген алғашқы ел болды. Бұл туралы ел үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Карантин 21 күнге созылады. Үкімет бұндай шешімді 22 мамырда қабылдады.

ДДҰ мәлімдемесіне сәйкес, соңғы бірнеше аптада Бельгия, Франция, Германия, Италия, Португалия, Испания, Швеция және Ұлыбританияда маймылшешек ауруы анықталған. Еуропалық аймақтан тыс жерлерде Австралияда, Канадада және АҚШ-та да тіркелген жағдайлар бар.

ДДҰ мәліметі бойынша, қазір маймыл шешек ауруының 92 жағдайы расталған. Ұйым өкілдері тағы 28 адам карантин аймағында екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15