Қоғам • 06 Маусым, 2022

Көмекпен қамтылған отбасылар газды төмен бағамен алады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алатын отбасыларға газды төмендетілген бағамен алу мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Көмекпен қамтылған отбасылар газды төмен бағамен алады

«Мемлекет басшысының газ бағасын белгілеу моделін жетілдіру бойынша тәсілдерді әзірлеу жөніндегі тапсырмасы аясында Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушылардың жеке тоғызыншы тобын бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл санатқа «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар кіреді. Бұл жұмыс қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асты», делінген ведомство хабарламасында.

Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап пилоттық жоба аясында Тараз және Орал қалаларында жоғарыда аталған топтың азаматтары тауарлық газды 20 %-ға төмендетілген бағамен алып жатыр. Ал, бұл 3 мыңнан астам тұтынушыны қамтиды.

«1 шілдеден бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алатын тұтынушылар санатына жататын отбасылардың елдің барлық газдандырылған өңірінде төмендетілген бағамен газ алу мүмкіндігі болады. Газға төмендетілген бағаны алу үшін тұтынушы Egov.kz. порталындағы АӘК және тұрғын үй көмегін алушы ретіндегі өзінің мәртебесіне көз жеткізуі қажет», деп қосты министрлік.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025