Қоғам • 16 Маусым, 2022

Мұнай қымбаттады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Бейсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы шикізатты жеткізуге қатысты алаңдаушылыққа байланысты өсе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай қымбаттады

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:06-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 0,3%-ға өсіп, 118,87 доллар болды. WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,45%-ға өсіп, 115,83 долларға жетті.

Мұнайды жеткізуге қатысты алаңдаушылық Ресейдің энергетикалық секторына қарсы санкциялар мен Қытай тарапынан сұраныстың жоғары болуы мүмкін деген болжамға байланысты туып отыр. Қытай – мұнайды көп мөлшерде тұтынушы әрі импорттаушының бірі. Бұл мұнай бағасының негізгі қолдауы болып қала береді.

Брент 25 сәуірден бастап барреліне 100 доллардандан түскен жоқ.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Маңдайалды механизатор

Маман • Бүгін, 10:15

Экологиялық таза үй

Құрылыс • Бүгін, 10:00

Жазушының жүрек үні

Зерде • Бүгін, 09:55