Балалар музыка мектебінің ұжымы мен жеке орындаушылары қатысқан бұл жоба тыңдарманына ерекше көңіл-күй сыйлады. «Балдәурен» қазақ халық аспаптар оркестрі, «Фреско», «Көркем», «Самал», «Әсем-ай» хор ұжымдары мен домбырашылар, скрипкашылар, қобызшылар ансамбльдері, сондай-ақ, мектептің фортепианолық, вокалдық бөлімдері мен орыс халық аспаптар бөлімінің жеке орындаушылары қазақ, орыс, шетел классиктері мен қазіргі заманғы композиторлардың шығармаларын ерекше шабытпен орындап, көрермен көзайымына айналды.
«Бүгінгі шараға қатысқан ұжымдар мен жеке орындаушылар түрлі халықаралық, республикалық байқауларда жүлделі орыннан көрініп жүрген шәкірттер. Олардың болашағы әлі алда деп ойлаймын. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізілген бұл шараның олардың шығармашылықтарына тағы бір тың серпін беретініне сенімім кәміл. Біз алдағы уақытта да шәкірттеріміздің биік белестерден көрінуіне бар күшімізді сала береміз», – дейді Астанадағы №2 балалар музыка мектебінің директоры Фарида Жұмабаева.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».
––––––––––––––––––
Суретті түсірген
Сұлтан СЕЙІТОВ.

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше