Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде кезекті брифинг өтті. Басқосуға «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры-коммерциялық директоры Нұрбек Дайырбеков, Корпорацияның басқарушы директоры-Астық ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәбит Қашқымбаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін шаруашылығы өнімдерін өңдеу және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті директорының міндетін атқарушы Бақыт Ілиясов және АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция басқармасының басшысы Арман Абдуллин қатысты.
Ең көп астық Ресей (990,7 мың тонна), Әзербайжан (927,5 мың тонна), Өзбекстан (737,4 мың тонна) және Тәжікстан (651,7 мың тонна) мемлекеттеріне жеткізілді. Осы елдер қазақстандық астықтың дәстүрлі импорттаушылары екенін атап өту қажет. Бүгінгі таңда министрлік астық, бұршақ және майлы дақылдар экспортын Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Қытай бағытында ұлғайту шараларын жасауда.
Астық бойынша халықаралық кеңестің мәліметіне сай Қытайға жыл сайынғы астық импорты 3 миллионнан 8 миллион тоннаға дейін жетеді. Бұл Қытайға және сол елдің аумағы арқылы ОША мемлекеттеріне қазақстандық астықтың жөнелту көлемін ұлғайту, экспорттық нарықты кеңейту стратегиялық бағыт болып саналады.
Қолайлы географиялық орналасу мен Қытаймен ортақ шекараның арқасында Қазақстан-Қытай шекарасында астық терминалының құрылысы жоспарланған. Бұл Қытай мен ОША мемлекеттеріне қазақстандық астықтың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстандық астық экспортын ұлғайту мақсатында КО қызмет ету шеңберінде фитосанитарлық талаптарды жеңілдетуге бағытталған шаралар жүргізілуде.
Кеден одағы шеңберіндегі интеграция өсімдіктер карантині саласында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының фитосанитарлық талаптарын жеңілдетуге мүмкіндік берген. Атап айтқанда, Кеден одағы комиссиясының шешімімен 2010 жылы 18 маусымда жоғары және төменгі қауіптерге бөлінген карантинге жатқызылған өнімдердің бірыңғай тізбесі, Кеден одағының кеден шекарасында және кеден аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) жүргізу тәртібі туралы ережелер бекітілген. Карантиндік фитосанитарлық қауіп төндірмейтін өнімдер тізбеден шығарылып, карантиндік өнімдер тізбесі оңтайландырылған.
Төмен карантиндік фитосанитарлық қауіпке жататын карантинге жатқызылған өнімдерді фитосанитарлық сертификатпен шығару талаптары алынса, 2011 жылғы 15 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің шешімімен, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан-Ресей шекарасындағы карантиндік фитосанитарлық бақылау Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстырылған. Сондай-ақ, 2011 жылғы 19 мамырда аталған кеңестің шешіміне сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында карантинге жатқызылған өнімдерді алып жүруге және әкелуге импорттық карантиндік рұқсат алу тоқтатылған.
Аталған шаралар өсімдіктер карантиніне жатқызылған өнімдерді Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында тасымалдау кезінде, сонымен қатар үшінші елдерден осындай өнімдерді импорттау кезінде бірқатар кедергілерді жою мәселелерін, сонымен қатар карантинге жатқызылған өнімдерді Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында әкелу және тасымалдауға қатысты карантиндік фитосанитарлық бақылау кезінде бірегейлікті анықтау мен реттеуді қамтамасыз еткен.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».

Астанада Марал көпірінің бір бөлігі жабылады
Елорда • Бүгін, 22:42
Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді
Медицина • Бүгін, 22:02
Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді
Елорда • Бүгін, 21:28
Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі
Спорт • Бүгін, 21:12
TikTok-тағы таныстық қымбатқа түскен: Жас жігіт 2,3 млн теңгесінен айырылған
Оқиға • Бүгін, 20:56
Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады
Таным • Бүгін, 19:53
Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялады
Банк • Бүгін, 19:15
Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 18:52
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады
Қоғам • Бүгін, 18:28
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02