Оқиға • 28 Маусым, 2022

Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында «Жайық Жарығы» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды

2019 жылы ЖШС басшысы Атырау облысы Құлсары қаласының аумағын жарықтандыру үшін 150 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болған. Алайда ол заңнама талаптарын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартпен алынған міндеттерді бұзып, рәсімделген құжаттарда көрсетілген жарық шамдарды орнатудың орнына, арзан, нашар сападағы жарық шамдарға ауыстырып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иеленген. Бұл әрекетімен мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам залал келтірген.

Сот үкімімен аталған серіктестік басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше