Президент • 04 Шілде, 2022

Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды

Қазақстан Президенті былтыр қараша айында өткен Брюссельдегі жеке кездесудің және қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа одағымен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойған бірінші ел екенін атап өтті. Бұл қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатын Еуропа одағымен орнықты байланысты дамытуға бейілді екеніне назар аударды.

Әңгіме барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Олар азық-түлік дағдарысының күрделене түскеніне алаңдаушылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ахуалды жақсарту, ең өзекті деген мәселелер бойынша сенімді диалог орнату үшін күш біріктірудің маңызды екеніне тоқталды.

«Қазақстан Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасында «аралық нарық» рөлін атқара отырып, бұл іске өз үлесін қоса алар еді», деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағын балама трансқұрлықтық дәліздерді, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын  дамыту ісінде ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Президент әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерге алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан әлем және Еуропа нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің көмірсутегі әлеуетін пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылыққа және осы елге көмек беруге қатысты халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдайтынын нақтылады.

Әңгіме соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше