Спорт • 18 Шілде, 2022

Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия чемпионаты өтеді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-24 шілде аралығында Алматыда жастар арасында спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия чемпионаты өтеді

Іс-шара «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ қолдауымен Қазақстанда, Орталық Азияда спорттық құзға өрмелеуді насихаттау және дамыту мақсатында өткізіледі.

Жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстанның 150 жас спортшысы қатысады деп күтілуде. Ал 12-18 жас аралығындағы бозбалалар мен қыздар төрт топта сайысқа түседі. Жасөспірімдер болса жылдамдық пен қиындық сияқты екі бағытта күш сынасады.

Чемпионат жеңімпаздары арнайы медальдар мен дипломдармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше