Қоғам • 19 Шілде, 2022

Жер қойнауын пайдалану саласы цифрландырылады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы процестер ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер қойнауын пайдалану саласы цифрландырылады

«Цифрландыру жұмыстары 4 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру, жер қойнауын пайдаланушы режиміне өту шеңберінде лицензия беру және жер қойнауын пайдалану туралы шарттарға түзетулер енгізу бойынша қосымша Келісімді бекіту сынды құжаттық рәсімдер қарастырылған», делінген хабарламада.

Кейін аталған мемлекеттік қызметтерді пилоттық жоба аясында электронды форматта жүзеге асыру жүргізіледі.

«Жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, бұл тарапта қажетті құжаттар санын айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл процесс түрлі әкімшілік кедергілерге тосқауыл қойып, лицензия беру кезіндегі ашықтықты қамтамасыз етеді», делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше