Ауыр атлетика • 20 Шілде, 2022

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия біріншілігінде екі медаль жеңіп алды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жас зілтемірші Азамат Төлеген Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола медаліне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия біріншілігінде екі медаль жеңіп алды

Республикалық Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Төлеген алтыдан бес тәсілді сәтті қолданып, 262 келідегі қорытынды салмақпен жарысты аяқтады.

Алынған нәтиже қазақстандық зілтеміршіге қоссайыс есебінде қола медалін, сондай-ақ серпуде кіші күміс медальді жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Еске сала кетсек, 18 шілдеде Ерасыл Ғұмаров 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын иеленіп, Қазақстан қоржынына бірінші медаль салған еді.

Соңғы жаңалықтар

Ел экономикасында серпін байқалды

Экономика • 30 Шілде, 2025

Тоғызқұмалақтан әлем кубогі аяқталды

Ұлттық спорт • 30 Шілде, 2025

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • 30 Шілде, 2025