Қазақстан • 20 Шілде, 2022

3 млн гектар жайылым заңсыз берілген

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінде жайылымдық учаскелерді ұтымды пайдалану мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 млн гектар жайылым заңсыз берілген

«Тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтады, олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылды», делінген ведомство ақпаратында.

Учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратыны атап өтілді.

«Ел бойынша 15 млн гектарға жуық қоғамдық жайылымдар жетіспейді, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаю проблемасын туғызады. Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, мемлекетке қосымша 5 млн гектар жерді қайтару жоспарлануда», делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке тұлғаларға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді.

«Жайылымдарды беру кезіндегі заң бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп қосты ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35