Медицина • 21 Шілде, 2022

Кеселді аппарат анықтайды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғандық кардиолог-дәрігерлер электрфизиологиялық зерттеу жүйесінің көмегімен алғаш рет жүрекке ота жасады.

Кеселді аппарат анықтайды

Облыстық кардиология орталығына қа­жет­ті қондырғыны медицина саласындағы отан­дық компанияның бірі тарту етті. Заманауи COLUMBUS меди­ци­на­лық аппаратымен жұмыс істеуді Түркиядан келген профессор Осман Джан Юнтар үйретіп жатыр. Іс жүзіндегі шеберлік сабағы аясында 6 адамның жүрек қағысы қалпына келтірілді.

Облыстық кардиология орталығының директоры Нұрсан Сейітұлының айтуынша, бұл отадан кейін сырқат бірден үйіне қайта беруіне болады. Ота жеңіл өтеді. Компьютерлік құрылғы жүрек картасын көрсетіп, ырғақтың бұзылуына ықпал ететін тұсын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Кеселдің қай жерде тұрғанын аппарат анықтайды.

Жүрек-қан тамырына бұрынғыдай кате­лер жіберілмейді. Біз­де­гі сала мамандары жа­қын­да Анадолы еліне барып біліктілігін арттырып қайтқан еді. Енді сол тәжірибесі мен білім-білігін отандастарымызды емдеуге жұмсайды.

 

Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25