ANTIKOR • 10 Қыркүйек, 2022

Антикор Бақытгүл Хаменоваға қатысты мәлімдеме жасады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде сотталушы Бақытгүл Хаменованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы мәлімдемесі бар ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.

Антикор Бақытгүл Хаменоваға қатысты мәлімдеме жасады

«Өткен жылдың желтоқсан айында Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін «Балқыту» ЖШС директоры У. Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады.

Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды. Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35