
«Киевте жеңіл көлік пен Украина президенті отырған көлік соқтығысты. Ел президентімен бірге жүрген дәрігерлер көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды. Президент дәрігерге қаралды. Ол ауыр жарақат алған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайын тәртіп сақшылары анықтайды», деп жазды Никифиров Facebook парақшасында.