Таным • 20 Қыркүйек, 2022

Күреңбелде сақталған насыбайкелі

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғасырлар арасын жалғап тұрған көне жәдігерлер көп. Олардың біразы көне шаһарда әр жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған болса, бірқатары кездейсоқ жағдайда қолға түскен. Солардың бірі – насыбайкелі.

Күреңбелде сақталған насыбайкелі

Насыбайкеліні музей қызметкерлеріне Жуалы ауданының тұрғыны өткізген екен. Мамандар келтірген деректерге зер салсақ, жәдігер 1940 жылдары жа­сал­ған көрінеді. Ал облыстық тарихи-өлке­тану му­зейінің қорына 2005 жылы тапсырылған.

«Насыбайды үгітуге арналған ағаштан жасалған шұңғыл ыдысты Жуалы ауданына қарасты Күреңбел ауылының тұр­ғыны тапсырған болатын. Бұл жәдігер бір қарағанда ожауға ұқсайды. Жиегінің бір бөлігі зақымданған демесеңіз, қалған бөлігі бастапқы қалпынан айнымаған. Насыбайкелінің түбі шұңғыл болып жасалған. Ұстайтын тұтқасы да жалпақ. Сондай-ақ жәдігердің насыбайды ұнтақ­тайтын қалақшасы да бар. Бұл жәді­герлердің жасалу үлгісіне қарап отырып, сол уақыттағы азаматтардың шын мәнінде шебер болғанына таңданбасқа амалың қалмайды», дейді облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Зарина Дүкенбаева.

 

ТАРАЗ

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35