
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «Заңға өзгерістер енгізу – 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілеу ұсынылады. Сондай-ақ Тұңғыш Президент күнін – 1 желтоқсанды мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынылады», делінген Сенаттың тиісті комитетінің қорытындысында.