Қазақстан • 03 Қазан, 2022

Қазақстан мен Греция арасында тауар айналымы өсті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 қазанда Қазақстан мен Греция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Греция арасында тауар айналымы өсті

«30 жыл ішінде елдер теңдік пен сыйластық қағидаттарына негізделген сенімді және өзара тиімді ынтымақтастық орната алды. Астана мен Афина әлемдік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанады және әртүрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде бір-бірін белсенді қолдайды», деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Спикердің айтуынша, Қазақстан мен Греция экономикалық саладағы қатынастарды дамытуға ерекше мән береді..

«Соңғы жылдары елдер арасындағы тауар айналымы қарқынды өсуде. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында ол 1 млрд АҚШ долларынан сәл асып, 40%-ға өскен», деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025