
«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысқандарыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды», деді Мемлекет басшысы.