Қоғам • 02 Қараша, 2022

Қазақстанда адам саудасының отыз фактісі анықталды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төрт ай ішінде Қазақстанда адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі құқықтық форумда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда адам саудасының отыз фактісі анықталды

«Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі адам саудасының құрбандарының 70%-ы әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі - бала. Өкінішке қарай, бұл мәселе Қазақстанға да қатысты», деді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, жыл сайын елде ұқсас сипаттағы 100-ден астам қылмыс тіркеледі.

«Бұрын мұндай қылмыстардың 300-ге жуығы тіркелген. Биыл төрт айда адам саудасының 30-ға жуық фактісі анықталды. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы, министрлікте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта ұйымдастырудың арқасында бұл қылмыстардың анықталуы артып келеді», деп толықтырды министр.

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше