Президент • 07 Қараша, 2022

Президент «Каспий» су тұшыту зауытына барды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұшыту зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.

Президент «Каспий» су тұшыту зауытына барды

Президентке зауытты кеңейту жобасының орындалу барысы туралы баяндалды. Тәулігіне 20 мың текше метр таза су өндіретін зауыттың қуатын екі есеге дейін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс басшылығының айтуынша, қазірдің өзінде Мұнайлы ауданының елді мекендері мен Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Өңірде халық санының артуына және туристік кластердің дамуына байланысты «Каспий» су тұшыту зауытының өнімділігін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін арттыру қажеттігі туындаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді ауызсумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның маңызы зор екенін атап өтіп, зауытты жаңғырту жұмысы сапалы орындалатынына сенім білдірді.

е

«Бұл – өте қажетті, керек жоба. Мен бүгінгі жиында нақты мәселелерді айттым. Мұндай жобаларсыз қиын болады. Израиль, Сауд Арабиясы, Сингапур сияқты таза ауызсуы жоқ елдер көп. Сондықтан біз де міндетті түрде озық технологияларды енгізуіміз қажет. Үкіметке тапсырма берілді. Каспийдің де деңгейі түсіп барады. Мұны да ойлануымыз керек», деді Президент.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, олардың халық үшін пайдалы іс атқарып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35