Коронавирус • 08 Қараша, 2022

COVID-19 қайта күшейді: Қазақстанда адам өлімі тіркелді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлер коронавирус жұқтырғандар санының қайта көбейгенін атап өтті. Ұзақ уақыттан бері, бүгін,8 қарашада COVID-19-дан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап. 

COVID-19 қайта күшейді: Қазақстанда адам өлімі тіркелді

Бұл ұзақ уақыттан кейін коронавирустық инфекциядан болған алғашқы өлім. Қазір 8 науқас ауыр жағдайда, 2 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған, екіншісі тыныс алу аппаратына қосылғаны мәлім болды.

Айта кетейік, 8 қарашада коронавирус жұқтырған 47 науқас тіркелді.

Бүгінгі күні коронавирус пневмониясымен 693 адам ем қабылдауды жалғастыруда: 553 науқастың ПТР тесті оң шықса, тағы 140 науқастың нәтижесі теріс белгісін көрсеткен.

Оның ішінде стационарларда 82  науқас бар, ал 611 адам үйден ем қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025