АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында белгілі жазушы, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының бас редакторы Қоғабай Сәрсекеев кітабының тұсаукесері өтті. Бұл шара америкалық аудиторияны қазақ әдебиетімен таныстыруға бағытталған ұмтылысты жалғастырады. Бұған дейін осы жерде Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Олжас Сүлейменов кітаптарының тұсаукесері өткен болатын.
Қоғабай Сәрсекеев сөз болып отырған шығармашылық басқосуды қазақ тілінде өткізді. АҚШ-та біздің ана тіліміздегі кітаптар сирек кездесетіндіктен қазақ диаспорасының өкілдері қаламгер туындыларына қызығушылық танытты.
«Уақыт өте келе біздің қазақ жазушыларының америкалық оқырмандары артатынына сеніміміз мол. Әзірге біз оларға АҚШ-пен танысуға септігімізді тигізудеміз», – деді тұсаукесер рәсімі кезінде Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Раушан Есболатов.
Осы консулдықтың көмегімен «Қазақстан-америкалық Альянс» бейкоммерциялық ұйымы арқылы жүзеге асқан кітап тұсаукесеріне Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов та қатысты.
«Егемен-ақпарат».
• 29 Мамыр, 2014
Қазақ қаламгері кітабының Нью-Йорктегі тұсаукесері

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше