Экономика • 14 Қараша, 2022

Қазақстанда киім бағасы 15%-ға қымбаттаған

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бір жылда киім 14,6% қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда киім бағасы 15%-ға қымбаттаған

Бұл туралы energyprom.kz порталы зерттеу жүргізді. 

Киім бағасы айтарлықтай шарықтаған өңір - Астана. Бір жылда бағалар бірден 25%-ға көтерілген. Келесі орында Қызылорда облысы - 19,8% және Ақмола облысында баға 19% қымбаттаған. 

Бір жылда баға өсімі - ерлер киіміне 14% қымбаттаса, әйелдер киіміне 14,1% және балалар киіміне 17,2% қосылған.

Айта кетейік, осыған қарамастан биыл елімізде киім өндірісі 43,1 млрд теңгеге жеткен, бұл былтырғымен салыстырғанда  12,7% артық.

Импорт бойынша: биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізге жалпы құны 888,9 млн АҚШ доллары болатын 71 мың тонна трикотаж және тоқыма киім импортталған.

Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл былтырғымен салыстырғанда 2,9%-ға аз. Импорт бойынша жетекші ел - Өзбекстан болды: 10,2 мың тоннаны құрады.

ТМД-дан басқа елдерден Қазақстанға 54,1 мың тонна киім импортталды, былтырғымен салыстырғанда 17,8% көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізуші елдер Қытай мен Түркия. 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35