Аймақтар • 14 Қараша, 2022

Атырауда бірқатар шағын аудан жарықсыз қалды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атыраудағы Бірлік шағын ауданындағы №18 электр қосалқы стансасында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда бірқатар шағын аудан жарықсыз қалды

ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі өртті дер кезінде сөндірген. Геолог, Жұлдыз, Бірлік, Томарлы, Контейнер және Привокзальный шағын аудандары электр қуатынсыз қалған.

«Оқиға облыс әкімі Серік Шапкеновтің жеке бақылауында. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша «Атырау Жарық» АҚ және қалалық әкімдіктің авариялық қызметтері оқыс жағдайдың салдарын жою және электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 14 қараша күні таңертең Привокзальный шағын ауданында электр қуаты қалпына келтірілді», делінген әкімдік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35