Қазақстан • 18 Қараша, 2022

Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 06.15-те жетуі керек болған. Бірақ борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

 

Белгілі болғандай, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 05.20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонған.

«Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлады. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37