Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022

ТҮРКСОЙ: 2023 – Темірбек Жүргенов жылы

910 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ халық­ара­лық ұйымының мерейтойлық білім беру аясында «ТҮРКСОЙ: ынтымақтастық пен жасам­па­з­дыққа 30 жыл» атты халықаралық кітап-иллюстрациялық көр­месі ашылды.

ТҮРКСОЙ: 2023 – Темірбек Жүргенов жылы

Іс-шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, «Отандастар қоры» коммер­ция­лық емес акционерлік қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының директоры Алмагүл Исина, профессор, түрколог Қаржаубай Сарт­қо­жаұлы, филология ғы­лым­дарының докторы, ҰҒА академигі Шерубай Құр­ман­байұлы, басқа да зия­лы қа­уым өкілдері қатысты.

«Бүгінде қанатын кеңге жайған, түркі мемлекеттері арасындағы мәдени-рухани көпірге айналған ТҮРКСОЙ – түркі дүниесіндегі ал­ғаш­қы ұйым болды. Келе­сі жылы халық­аралық ұйым­ның құ­­рыл­­ғанына 30 жыл тола­ды. Оның діңгегі сонау 1993 жылы қазақ жерінде – Алматы қаласында қалан­ды. Сол себептен де, түркі кеңіс­тігінде қауқарлы, бедел­ді ұйымның тарихында Қазақ­станның саяси маңызы үлкен. Түркі халықтарын қай салада да біріктіре алатынын ТҮРКСОЙ өткен отыз жылдың бедерінде дә­лелдеді. Оған қаншама атқа­рылған іргелі істер мен бастамалар, тың жобалар, есепсіз іс-шаралар тізбегі куә. Алдағы мерейтойға орай Қазақстанда бір­қа­тар іс-шара жоспарланып отыр. Мәселен, Сұлтан Байбарыстың 800 жыл­ды­ғы, одан бөлек 2023 жыл – ТҮРКСОЙ аясында көр­некті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ руха­­ниятының дамуына зор үлес қосқан ұлтжанды тұл­­ға­ның 125 жылдығына орай «Темірбек Жүргенов жылы» деп жарияланды», деді Сұлтан Раев.

Көрмеге ТҮРКСОЙ ха­лық­аралық ұйымының құ­рыл­ғанына 30 жыл толуы қарсаңында жарияланған түр­­­кітілдес авторлардың шы­­­ғар­малары, балалар әде­­­­бие­тінің иллюс­тра­­­ция­­лан­ған басылым­дары, оқыр­ман­­дардың кең ауқы­мы­на ар­налған ғы­лыми-көп­ші­лік кітаптар ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025