Оқиға • 22 Желтоқсан, 2022

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында Юбилейное кен орнындағы шахтада 48 жастағы жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Төрт адамнан тұратын жұмыскер тобы жерасты кен орнында жұмыс жүргізді. Марқұм кабельді жер астына орнатқан. Кенет адамның үстінен көп тонналық экскаватор өтіп кеткен. Жұмысшы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған..

Оқиға 20 желтоқсанда Мұғалжар ауданында болған. Марқұм алтын өндіруші компанияның қызметкері болып шықты. Төтенше жағдайдан кейін жұмысшыны жер астынан шығарды, бірақ дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.

Жүргізуші полицияға түсініктеме берді. Оның айтуынша, ол қараңғыда адамның сұлбасын байқамаған.

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын арнайы комиссия зерттеп жатыр.

«Экскаватор жүргізушісі жұмысшыларды көрмей, энергетикті қағып кеткен. Ол жәбірленушіні шөмішпен басқан. Жұмысшы топырақ пен шелектің арасында қалды», деді Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Қуаныш Қамиев.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше