Қоғам • 04 Қаңтар, 2023

Ауа райына байланысты әуе рейстері кешігуі мүмкін

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел аумағындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты әуе рейстері кешігуі немесе орындалмауы мүмкін. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Ауа райына байланысты әуе рейстері кешігуі мүмкін

Рейс орындалмаған немесе кешіккен жағдайда әуекомпания әр 2 сағат сайын сусындар, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ беретінін атап өтті. Егер рейстің кешігуі күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан артық болса, тасымалдаушы жолаушыларды қонақүйге орналастырады және әуежайдан қонақүйге және кері көлікпен қамтамасыз етеді.

Тасымалдаушының кесірінен рейс он сағаттан астам уақытқа тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда, жолаушының таңдауы бойынша тасымалдаушы жолаушыны келесі рейспен діттеген жерге дейін жеткізуді қамтамасыз етеді немесе билеттің толық құнын қайтарады.

«Рейс мәртебесін https://airastana.com/kaz/kk-kz/Ақпарат/Әуежайда/Рейс-статусы сайтынан көре аласыз. Рейс орындалмаған немесе кешіктірілген жағдайда, төменгі оң жақ бұрыштағы airastana.com веб-сайтындағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне, сондай-ақ, рейстің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты ақшаны қайтару үшін help.airastana.com сайтындағы Көмек орталығына хабарласыңыз. Рейс кешіктірілген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78», деп жазылған хабарламада.