Қайырымдылық шарасының ашылуында «Бірлік» саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Елбасы Жолдауында елімізді дамыған 30 елдің қатарына кіргізу туралы стратегиялық мақсат қойғанын айтып өтті. «Бүгінде Қазақстан әлемдік аренада танылып қана қоймай, өз орнын ойып алған алдыңғы мемлекеттердің қатарына ілікті. Халықтың әл-ауқаты, рухани және моральдық құндылықтары көптеген мемлекеттер үшін үлгіге айналды. Алайда, жақындарымызға деген көмек пен қайырымдылықтың болашақ үшін маңызы зор екенін ұмытпаған жөн. Дамыған елдерде қаражаттың едәуір бөлігі, бұл шамамен 80 пайызы, ақ қанмен ауыратын балаларды емдеуге қайырымдылық көмек түрінде келіп түседі. Сондықтан мен барлық отандастарды осы істен қалыс қалмауға, ортақ күш-жігермен тәуелсіз Қазақстандағы мұқтаж жас ұрпаққа осы ауыр кеселден арылуға көмек көрсетуге шақырамын», деді ол.
Әлемдік статистика деректері бойынша, қатерлі ісік аурулары ішінде бірінші орында ақ қан ауруы тұр. Елімізде жылына орта есеппен қатерлі қан ауруына шалдыққан 2500 бала емделеді екен, оның ішінде шамамен 600-інің онкологиялық және гематологиялық аурулары алғаш рет анықталған балалар. Сондай-ақ, жылына орта есеппен 140 адамның ақ қан ауруына шалдыққаны анықталады.
Марат АҚҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.
• 10 Маусым, 2014
Ақ қан ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсетілді

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше