Тағайындау • 09 Қаңтар, 2023

Азаматтық авиация комитетінің орынбасары тағайындалды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тимур Тілегенов Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитетінің орынбасары тағайындалды

Жедел кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Азаматтық авиация комитеті басшысының жаңа орынбасарын таныстырды.

Тимур Тілегенов 2021 жылы Францияның Ұлттық азаматтық авиация мектебін (ENAC) әуе көлігін басқару мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2009 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша үздік бітірді.

Комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Әуе қатынасы және халықаралық әуе қозғалысын реттеу департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2009 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың қазан айына дейін Азаматтық авиация комитетінде халықаралық қатынастар және әуе тасымалы бөлімінің бас сарапшысы – аға мемлекеттік авиация инспекторы қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03