Оқиға • 30 Қаңтар, 2023

Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 29 қаңтар күні Панфилов ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Toyota Corolla автокөлігінің 65 жастағы жүргізушісі Үшарал - Керімағаш автожолының 4-шақырымында көлікті басқара алмай, трассадан ұшып кеткен. Салдарынан көлік су арнасының деңгейін бақылайтын гидротехникалық құрылысқа соғылған. 

«Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 50 жастағы жолаушысы көз жұмды», деп жазылған хабарламада.

Жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Ел ырысын еселеген еңбек ұжымы

Өндіріс • Бүгін, 08:55

Қой қоздап, қорада шу...

Еңбек • Бүгін, 08:45

Күн қуаты

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Сегіз медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 08:35

Озат оқушылар олжалы оралды

Байқау • Бүгін, 08:30