Алматы облысы, Жамбыл ауданының қос түлегі Александр Нетесов пен Нұрбике Көбетай Санкт-Петербургте өткен V халықаралық «Шабыт», «Көктем» атты балалар мен жасөспірімдер фестивалінде топ жарды. Өнер байқауына 8 республика және 15 облыс үміткерлері вокал, хореография, театр, аспапты көркем шығармашылық түрлерінен сынға түсті. Додада Нұрбике Көбетай «Көктем вальсі» мен итальян тіліндегі «Санта-Лючия» әнін орындап арнайы Кубок пен I дәрежелі дипломды жеңіп алса, Александр Нетесов «Мелодия» және ағылшын тіліндегі «New york» әндерін нақышына келтіре шырқап, бас жүлдеге тігілген Кубокқа және I дәрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ, қос жеңімпаз биылғы жылдың 23-26 қазанында өтетін «Қолымнан келеді» өнер жарысына жолдама алғаны тағы бар.
Ресей жерінде өткен өнерпаздар додасына жетісулық «Ақбота» би тобы және жекелеген орындаушылар да аталған жеңімпаздармен бірге барып, қатысып жүлдегер атанды. Біле-білсек бұл өнер. Міне, сол өнер қарлығаштарына дер кезінде материалдық тұрғыда демеушілік жасап, моральдық қолдау көрсеткені үшін Жамбыл ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев үкіметаралық жоғары ғылыми кеңестің арнаулы сертификатымен марапатталды.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.

Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:15
Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45