Үкімет • 03 Ақпан, 2023

Үкіметте бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайы талқыланды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен арнайы үкіметтік комиссияның отырысында Алматы, Жамбыл, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарының су тасқыны кезеңінен өтуге дайындығы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметте бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайы талқыланды

Үкіметтік комиссия Премьер-министрдің өкімімен құрылғанын еске сала кетейік.

Талқылауға өңірлер әкімдіктерінің, Төтенше жағдайлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдеріне барлық қажетті қызметтер мен ұйымдарды жұмылдырып, су тасқыны кезеңінен тиімді өту үшін арнайы техника мен материалдар дайындау, сондай-ақ апаттық қызметтердің іс-қимылдарын тиісті үйлестіруді ұйымдастыру тапсырылды.

Сонымен қатар Экология және табиғи ресурстар министрлігі Сырдария және Іле өзендерінің арналарында тасқын суларды қауіпсіз өткізуді үйлестірумен айналысады, су қоймаларын, оның ішінде Көксарай, Күрті, Бартоғай, Бестөбе, Қызылағаш, Алматы, Ащыбұлақ, Ақешкі мен басқа да су қоймаларын толтырудың рұқсат етілген көлемін белгілейді және оларға тиісті бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ Сырдария өзенінде мұздықтардың іркілуін азайту үшін жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады, ал шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық өзендердегі су шығыны туралы тұрақты өзара ақпарат алмасу ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15