Қаржы • 03 Ақпан, 2023

BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 3 ақпаннан бастап «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді

Балқаш көлі – Қазақстандағы ең алып көлдердің бірі және көлемі жағынан әлемде 15-орында тұр. Тұзды және тұщы бөліктен тұратын табиғи су тоғаны ретінде әлемде жалғыз саналады.

Балқаш алабұғасы – көлде кездесетін эндемикалық балықтардың бірі. Ол 5-7 миллион жыл бұрын жақын тұқымдасы – кәдімгі өзен алабұғасынан бөлектеніп шыққан. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

 
BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталары 2 түрде дайындалды:

1)  3D және аса жоғары бедерлі технология қолданылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 дана;

2) МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – «рrооf-like», номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдана береді. Сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға тиіс.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025