Қазақстан • 11 Ақпан, 2023

«Құсбегіліктен» ел чемпионаты басталды

1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында жастар арасында «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты басталды. Спорттық іс-шара 12 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құсбегіліктен» ел чемпионаты басталды

Чемпионатқа Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Абай, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жастары қатысуға ниет білдірген. Жарысқа қатысатын 100-ге жуық құстың қатарында ителгі, қаршыға және бүркіт бар.

Еске салайық, құсбегілік ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен ұлттық спорт түрі ретінде танылған сәттен бастап 7 мемлекеттің қатысуымен 1 рет Әлем чемпионаты, 2 рет Азия чемпионаты (5 мемлекет), 40-қа жуық халықаралық турнир мен 15 рет Қазақстан Республикасының чемпионаттары ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

Бес ауылға су берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:53

Бидің көркем шежіресі

Өнер • Бүгін, 08:45

Өскеменде өнімдер көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Алакөл ажарланып келеді

Туризм • Бүгін, 08:33

Алатаудың бір шыңы

Тұлға • Бүгін, 08:30