Аймақтар • 16 Ақпан, 2023

Солтүстік Қазақстанда құрылысшы тапшы

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы жетіспейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда құрылысшы тапшы

Өңірге құрылыс алаңдарына, зауыттарға, ауыл шаруашылығына мамандар қажет екені жылдар бойы айтылып келеді. Бұл ретте облыстың бұрынғы әкімі Құмар Ақсақалов құрылысшыларға өз компанияларының базасында оқу орталықтарын құруды ұсынды.

Биыл бұл тақырып өзектілігін жойған жоқ. Өңірде әлі де жұмыс күші тапшы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Айдарбек Сапаров жедел кеңес барысында бірінші жартыжылдықта зауыттардағы бос жұмыс орындарының санын қысқартуды тапсырды.

«Қазір дәнекерлеушілер мен токарьлар жетіспейді. Құрылыс саласында мамандар тапшы. Тас қалаушыларды қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын өткізу қажет», деді аймақ басшысы.