Қоғам • 22 Ақпан, 2023

Алматыдағы Ботаникалық баққа кіру құны арзандады

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы прокуратурасы Ботаникалық баққа кіру билеттерінің бағасын төмендетті, деп хабарлайды Egemen.kz мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Ботаникалық баққа кіру құны арзандады

«Қаланың табиғатты қорғау мамандандырылған прокуратурасы «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына кіру билетіне тариф белгілеуде бұзушылықтарды анықтады. Прокурорлық қадағалау актісіне сай, азаматтардың Ботаника бағына кіру тарифі 103 теңге төмендетілді»,  делінген хабарламада.

Енді Ботаника бағына кіру құны ересектерге 850 теңге, студенттерге 685 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін 503 теңге болмақ.

Бұрын Ботаника бағына кіру билеттерінің құны ересектерге 953,30 теңге, студенттерге 683,30 теңге, мектеп оқушысы/зейнеткерлер/АӘК алушыларға 503,30 теңге болса, мүгедектігі барлар/ардагерлер/7 жасқа дейінгі балаларға тегін болған еді.
Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше