Аймақтар • 27 Ақпан, 2023

Сайындықтар су әлегінен құтылады

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түпқараған ауданының Сайын ауылын­да су қондырғысының іске қосылуы үлкен жаңалық болды. Күніне 1 мың текше метр су шығаратын қондырғы «Aura» демалыс кешеніндегі бұған дейін 300 текше метр қуаттылық­пен тұшытылатын су көлемін 1300 текше метрге дейін арттырды.

Сайындықтар су әлегінен құтылады

«Алека» ЖШС теңіз жаға­лауынан 15 құдық қазып, арнайы су тұшыту қондырғылары көмегімен резервуарға жинай­ды. Қондырғы Сайын Шапағатов ауылының 4 орамының 13 көше­сіндегі құбырға қосылды.  Сайын ауылының әкімі Қылыш Сайранның айтуынша, қазіргі таңда «Алека» ЖШС 400 текше метрге дейін су жіберуде, алдағы уақытта өз қуатымен толыққанды қосылады деген жоспар бар.

– Қазіргі таңда ауылымызда ауыз су мәселесі өзекті болып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында «Алека» ЖШС 1 мың текше метр ауыз сумен қам­тама­сыз ететін құбырды іске қосып жатыр. Аталған зауыт бас­­тап­қы кезеңде 250 текше метр су тұшытса, бүгінгі күні күн­де­лікті 400 текше метр су тұшы­­тады. Яғни кезең-кезеңімен көтерілуде. Қазіргі кезде тәулігі­не 24 сағат бойы 4 және 5 орам­ның тұрғындарына ауыз су беріліп отыр. Алдағы уақытта толық іске қосып, тұрақты сумен қамту жос­пары бар,  дейді ауыл әкімі.

Ауыл тұрғындары енді су тапшылығы мәселесі алаң­датпайды деп сенеді.

                                                         

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025