Тарихқа көз жүгіртсек жасы ұлғайса да өзінің жас кезіндегі қарым-қабілетін жоғалтпаған айрықша жандар жөніндегі деректерге тап боламыз. Ал жасы сексеннің бесеуіне қараған оралдық ақсақал Дәржан Иманғалиевтің жөні тіптен бөлек. Бұл кісінің саналы ғұмыры бизнес деген ұғым мен түсінік тілдік қорымызға дендеп кіре қоймаған сонау кеңестік кезеңде өткізілген. Ол сол уақытта обкомның қаржы-шаруашылық бөлімін басқарған.
Дәкең мұнда ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан кезде социалистік қоғамының шегелері былқылдап, босай бастаған болатын. Өзінің күш-қайраты және ерік-жігерінің молдығымен талайларды таңғалдырып келген ел ағасы, әрине, қарап жата алмады. Сөйтіп, кеңес дәуірінің өзінде бизнеске білек сыбана кірісіп кетті. Бұл кезде қоғамда банкіден несиелік қаражаттар алып, оған құрылыс нысандарын салу ісіне мүлдем түрен түспеген еді. Міне, алпыстан асқан шағында, сонау 90-жылдардың бас кезінде Д.Иманғалиев республикада алғашқылардың бірі болып, осындай тың қадамға баруға бекем бел буды. Көз қорқақ, қол батыр дегендей, көп кешікпей қолға алған ісін бастап та кетті. Тағы бір сүйсінерлік жайт, жаңалықты жатсынбаған дара қасиет иесі Дәржан Тілешұлының бастамасымен тұрғызылған еңселі ғимараттар мен нысандар Орал қаласынынң архитектуралық ажарына айрықша үлес қосты. Әуел баста берік негіз қаланса – бизнес қашанда табысты жүретініне, тоқтап, тоқырап қалмайтынына 85-ке келген Ақжайықтың аса сыйлы, абыройлы ақсақалы Дәржан Иманғалиев жетекшілік жасайтын кәсіпорынның тыныс-тіршілігі арқылы да көз жеткізе аламыз. Ол бүгінде өз бизнесінің 25 жылдық асуын атап өтуге қам жасап отыр. Ең бастысы, мұнда адамдар тұрақты жұмыспен қамтылған. Серкітестіктегі табыс көздерінің жылдан-жылға өсе түсуі олардың берік сенімдерін орнықтырған. Сексеннің сеңгірінен әлдеқашан асып кетсе де, бизнестің құпия сырларына үңілуден танбаған ел ақсақалы таяуда халықаралық марапатқа да ие болды. Оған сонау Швейцариядан сапа үшін белгіленген Еуропаның бас жүлдесі жеткізілді. Өткен мамыр айында Ақжайықтың ақсақал бизнесмені Женевадан шақыру алған болатын. Өкінішке қарай, ол бұл сапарға денсаулығына байланысты бара алмады. Содан кейін аталған халықаралық марапатты тағайындағандар оны Қазақстанға, оның иесіне жеткізіп берді. Аталған халықаралық марапаттың қыр-сырына тереңірек тоқталсақ, Швейцарияның француз тілді кәсіпкерлер федерациясының өнеркәсіп және технологиялар агенттігі 2014 жылғы 26 мамырдағы шешімімен «Шағын бизнес кәсіпорнын табысты басқару» атты аталымындағы халықаралық конкурстың қорытындысын шығарған. Соған сәйкес аталған агенттік 85 жастағы қазақстандық кәсіпкер Дәржан Иманғалиев пен ол басқаратын «Тілеш» ЖШС-ін жеңімпаз деп тауыпты. Бұл сөз жоқ, жоғарғы айтып өткеніміздей жасы ұлғайса да ізденісін тоқтатпаған, өз бойындағы қарым-қабілетін жоғалтпаған Орал өңіріндегі шағын бизнес өкілі үшін үлкен абырой, биік мәртебе, әрі өз уақытына жетпей шау тартып қалғандар үшін үлгі-өнеге екені анық. Сондықтан да, біз бүгін осы жағымды жаңалықты газет оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдік. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Батыс Қазақстан облысы.60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29