Саясат • 23 Наурыз, 2023

Президент Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қатар Әмірінің былтыр қазан айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық қарқынын сақтауға және қаржы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.

Соңғы жаңалықтар

Кедергісіз кәсіп – дамудың кілті

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:50

Тұтынушы құқы қалай қорғалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

АҚШ-та жүлдегер атанды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Шаттық бесігі

Аймақтар • Бүгін, 09:25