АСТАНА. 2 шілде. Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Президенттерінің келісімі шеңберінде ірі логистикалық орталық салынбақ. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев: «Бүгінгі таңда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 23 ірі компания қызмет етуде. Солардың ішінде үлкен диаметрлі құбырлар шығаратын «Арселор миттал Ақтау» зауыты, темір конструкцияларын шығаратын «Кеппел Қазақстан» және испандық «Индекс» компаниялары ірі жобаларды іске асыруды бастап жатыр. Сол компаниялардың қатарына, міне, бүгін тағы да бір ірі жоба қосылғалы тұр», – деді.
Құны 14 млн. еуро тұратын аталған инвестициялық жоба «Азерсун холдинг» компаниясына тиесілі.
«Азерсун логистика және өндіріс орталығы» елімізге келетін тауарлар мен елден экспортталатын өнімдерді қабылдап, сақтап, оны теміржол мен теңіз арқылы жөнелту жұмыстарын атқаратын болады. Мұнда әлемдік логистика өндірісінің ең соңғы үлгідегі технологиялары қолданылмақ.
Мамандардың айтуынша, ірге тасы қаланып отырған логистикалық орталық елдегі шағын және орта бизнестің дамуына, кәсіпкерліктің өркендеуіне мол үлес қосады. Сондай-ақ, ол Маңғыстау өңіріндегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, шөлейтті аймақ тұрғындары нарықтағыдан арзан әрі сапалы көкөніс пен жеміс-жидекке қолы жеткізетін болады.
Ал өз кезегінде Әзербайжан Экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мұстафаев: «Бұл – екі елдің басшыларының тікелей тапсырмасы арқылы өзара келісім негізінде туындаған жоба. Қысқа мерзім ішінде қазақстандық тараппен өзара әріптестік меморандумына қол қойылды. Бұл нысан мемлекеттеріміздің экономикасындағы мұнай-газ саласынан тыс секторлардың дамуына зор ықпалын тигізеді деген ойдамыз», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: news.delovoimir.kz.
• 02 Шілде, 2014
Ақтауда уақыт талабына сай логистикалық орталық салынады

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46