Қоғам • 04 Сәуір, 2023

Ақтөбелік полицейлер үйлеріне оралмаған екі оқушыны тапты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектепке электрон темекі әкелген балалар ата-аналарынан қорқып үйлеріне бармаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбелік полицейлер үйлеріне оралмаған екі оқушыны тапты

3 сәуірде сағат 21:40 шамасында №2 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 6-сынып оқушыларының ата-аналары арызданған. Олардың айтуынша, мектептен кейін балалар үйге оралмаған.

Мұғалімдер балалардың мектепке электрон темекі әкелгенін білген, ал балалар ата-аналарының жазасынан қорқып, үйлеріне бармаған.

Полиция қызметкерлері Zello-Poisk командасының еріктілерімен бірлесіп, жоғалған балаларды іздеуге кірісті.

Бес сағаттан кейін балаларды орталық базар аймағында ювеналды полиция қызметкерлері тауып, ата-аналарына тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз суының құпиясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35

Найзағай қалай пайда болады?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Өсімдіктер де есте сақтайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Сүтемген салған соқпақпен

Байқау • Бүгін, 08:10

Алып кимешек

Аймақтар • Бүгін, 08:00