Қоғам • 05 Сәуір, 2023

Қазақстанда егіс науқаны қарқын алуда

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көктемгі егіс жұмыстары басталғаннан бері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде дихандар 311,4 мың гектар жерге егін екті, оның басым бөлігі дәнді және жемшөп дақылдары. Жалпы, бүкіл ел бойынша 23,4 млн га жер егу жоспарланып отыр. Биыл дәнді, жемшөп, көкөніс және бақша дақылдарының егіс алқаптары ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда егіс науқаны қарқын алуда

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 160 мың трактор, 5 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешендері, 78 мың сепкіш және 226 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Техниканың барлығы дерлік жаппай егіс жұмыстарының басталуына толығымен дайын.

Көктемгі егіс науқанын өткізуге өңірлерге 413 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейден 13 мың тоннаға артық.

Операторлардың шығыстарын ескере отырып, республика бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының орташа құны 204 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан. Бүгінгі таңда өңірлерге шамамен 163 мың тонна отын немесе жоспардың 44 пайызы жөнелтілді.

Биылғы жылдан бастап егіске бөлінетін дизель отынын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін операторларға МӨЗ-ден жөнелту электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жеке виртуалды қойма құру сондай-ақ арнайы бояғыштар қосу шартымен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жұмыстарына тиелетін дизель отынының көлеміне МӨЗ-ге жеке ПИН-код беріледі.

Биылғы жылы 700 мың тоннадан астам тыңайтқыш енгізу жоспарланған, оның 63% отандық аммиак селитрасы мен аммофосқа тиесілі. Бүгінгі таңда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 177,3 мың тоннасы жөнелтілді. Жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025