Өнер • 10 Сәуір, 2023

Елге арнау

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркеғали Рахмадиев атын­дағы мемле­кет­тік акаде­миялық филармониясы сах­насында Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, дирижер, композитор Әли Алпысбаевтың «Елге арнау» атты шығармашылық кеші өтті. Атал­ған концерт Жетісу облыстық фи­лар­мониясының ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Елге арнау

Мәдени сазды кешті еліміздегі ірі екі оркестр сүйемелдеді. Айт­қали Жайымов жетек­шілік ететін қазақ оркестрі, дирижері – Нұр­лан Бекенов және Әділ Бестембековтің бас­қаруындағы симфониялық ор­кестр. Бас дирижері Қалқаман Дүй­себаев.

Композитордың туындыларын танымал өнер қайраткерлері – Мейір Байнеш, Светлана Айтбаева, Арайлым Рахымқызы, Жанар Жү­сіпова, Ботагөз Ташимова, ха­лық­­­аралық және республикалық бай­қаулардың лауреат­тары Әсем Сем­бина, Шынар Кари­мова, Айге­рім Аманжолова, Жәмила Дали­шева, Алтынбек Әбілда орындады.

Көрерменнің көңілін тербеткен сазды кеш жүрекке жылы әсер қалдырған әуен­дерге толы болды.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38